Қазыбек Иса Маминге мемлекеттік тілге қатысты 4 ұсынысын айтты

3 Ақпан 2021, 17:29
2697
Бөлісу:
Қазыбек Иса Маминге мемлекеттік тілге қатысты 4 ұсынысын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса Үкімет басшысына мемлекеттік тілге қатысты сауал жолдап, өзінің 4 ұсынысын айтты.

Қазір халқымыз 19 миллионға, оның ішінде қазақ ұлты 78 пайызға жетіп қалды. Ал сол халыққа қызмет көрсететін мамандардың мемлекеттік тілді білмеуі азаматтардың қызмет алу құқығын аяқ асты етіп отыр. 30 жылдан бері әлі күнге мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді білуі керек деген талап жоқ. Мемлекеттік тілді білу талабы қазір жаңсақ айтылып жүргендей, азаматтың жеке басын тіліне қарай кемсіту емес, мемлекеттік қызметшілерге, бар болғаны 100 мыңға жуық адамға қойылатын кәсіби біліктілік талабы болуы тиіс. Сыртқы істер саласының мамандарынан шет тілін білуді қалай талап етсе, немесе көлік жүргізушіден жүргізуші куәлігін қалай талап етсе, сонымен бірдей міндет бұл, - деді Қазыбек Иса.

Депутаттың мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге қатысты нақты 4 ұсынысы мынандай:

•  Мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен соттардың және көпшілікке қызмет ету мекемелері қызметкерлерінің  міндетті түрде мемлекеттік тілді білуі туралы стандарт енгізу;

•  Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтаудың жүйесі мен тәртібін белгілеу;

•  Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерді, мемлекеттік органдардың құжаттары мен хаттарын, іс қағаздарын, ақпараттары мен есептерін ресімдеудің негізгі нұсқасы тек мемлекеттік тілде жүзеге асуы тиіс;

•  Мемлекеттік тілді ең алдымен экономикада да қолдануды күшейту.


Өзгелердің жаңалығы