Павлодар колониясындағы жылыжайда құлпынайдың алғашқы өнімі жиналды

3 Ақпан 2021, 07:46
1218
Бөлісу:
Павлодар колониясындағы жылыжайда құлпынайдың алғашқы өнімі жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құлпынайдың алғашқы өнімі максималды қауіпсіздіктегі АП-162/4 мекемесінде жиналды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, абақтыда отырған азаматтар жиналған өнімді екіге бөлуге шешім қабылдаған. Бір бөлігін жуырда туған күні болған Валерий есімді азаматқа, екінші бөлігін колонияның ең үлкен сотталушысы 71 жастағы Алексейге сыйлаған. 

Бұл жерде қылмыскер екеніме қарамастан менің жасымды сыйлайды. Шынымды айтсам, көзіме жас  үйірілді. Үлкен рахмет, - дейді Алексей. 

Денсаулыққа зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан ер адамның бостандыққа шығуына әлі төрт жылы бар.

Валерийдің туысқандары жоқ. Оны бостандықта ешкім күтіп отырған жоқ, хат жазып, кездесуге де ешкім келмейді. Ол балалар үйінде өскен, сол кезде ең алғаш қылмыс жасаған. Сотталғандар Валерийге тосын сый жасап, қолдау көрсеткілері келді. Сотталушылардың арасында үнемі бір-біріне деген қайырымды  болу туралы әңгімелер жүргіземіз, - дейді мекеме қызметкері Бауыржан Исабаев.

Мекемедегі жылыжай бірнеше жылдан бері жұмыс істейді және істі болғандар  сол жерде бағбаншылықпен айналысады.  

Осында отырған кезде бар қиындықты ұмытып кетемін. Өсімдіктер де тіршіліктің бір бөлшегі ғой, оларға да  көңіл бөлу керек. Күзде отырғызған құлпынай міне, қазір алғашқы жемістерін беріп жатыр. Мында жылы, өсімдіктерге  қараймыз және ішкі сырымызды ақтарамыз, - дейді бағбан Андрей.

Жылыжайда құлпынайдан басқа қызанақ, аскөк, ақжелкен, пияз, шалғам, лимон, жабайы анар мен раушан өседі. Мұнда өсірілген барлық өнім мекеменің асханасына жіберіледі. Гүлдерді карантинның аяқталуын күтіп отырған аналары мен әйелдеріне сыйлауға дайындап отыр.

Өзгелердің жаңалығы