Ұлыбритания Valneva вакцинасының қосымша 40 млн дозасына тапсырыс берді

3 Ақпан 2021, 16:33
1302
Бөлісу:
Ұлыбритания Valneva вакцинасының қосымша 40 млн дозасына тапсырыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания франциялық Valneva фармацевтикалық компаниясынан коронавирустық вакцинаның қосымша 40 миллион дозасына тапсырыс берді.

Ол осы жылдың соңында және 2022 жылы сатылымға шығады, деп хабарлады bbc.com.

Ұлыбритания үкіметінің айтуынша, бұл адамдарды келесі қыста немесе одан кейін қайта вакцинациялау қажет етілетін болса, жедел қимылдауға мүмкіндік береді. 

Осыған дейін Ұлыбритания бүкіл халыққа жеткілікті әртүрлі коронавирустық вакцинаның 407 миллион дозасымен қамтамасыз етті.

Valneva-лық екпе әлі де сынақтан өтіп жатқанымен, Шотландияның Батыс Лотиан қаласында вакцина өндірісі басталды.

Компания сайтында қазірдің өзінде ғалымдар мен техниктер үшін 100 жаңа жоғары білікті жергілікті жұмыс орны қарастырылған.

Sanofi Pastuer-мен бірлескен жоба. Инъекция екі дозада беріледі деп күтілуде. Онда коронавирустың өлі нұсқасы бар. Бұл адам ағзасына еш әсер етпей, дененің иммундық жүйесін коронавируспен күресуіне септігін тигізеді.

Ұлыбритания Үкіметі өзінің алғашқы 60 миллион дозаға берген тапсырысын екі есе көбейту туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеді.

Соңғы жасалған келісім, қауіпті вируспен күресте ұлттық арсеналға қосылған тағы бір қару. Британия қоғамын 2021 жылы және одан кейінгі кезеңде қорғау үшін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі, - деді Кваси Квартенг.
Егер Valneva компаниясының кандидатурасы мақұлданса, Ұлыбритания үкіметі ірі инвестицияларының қолдауымен Шотландиядағы нысанды вакцина өндіруде қуатты орталығына айналдырады. Осылайша Ұлыбританияны тез арада толықтай екпемен қамтамасыз ете алады.

Министр Надхим Захавидің айтуынша, вакцина артылып жатқан жағдайда бүкіл әлемге таратылуы мүмкін.

Егер Valneva вакцинасы мақұлданса, бұл Ұлыбританиядағы Covid-19-ны жеңуге ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлем бойынша вакциналардың әділ жеткізілуін қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүкіл әлем қауіпсіз болмайынша, ешкім қауіпсіздікте болмайды, - деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы