Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы барысында айтты.
Бірінші кезекте халыққа жоспарлы көмек, яғни, басқа аурулар бойынша көрсетілетін көмекті шектемеу үшін мамандырылған көмек көрсету барысына басқа медициналық ұйымдар іске қосылады. Мұндай қызмет үшін резервте 5000-дай төсек-орын әзірленген. Өткен жылы салынған 16 модульдік инфекциялық аурулар ауруханасының жалпы саны 3000 төсек-орыннан тұратын 15 нысаны бүгінгі күні жұмыс істеп тұр. Қалған 200 төсекке арналған 1 стационарды Атырау облысында 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері республика бойынша жағдайы ауыр пациенттердің саны едәуір төмендегені байқалады, - деді ол.Вице-министр жекелеген өңірлерде жағдайы ауыр науқастардың саны алдыңғы айлармен салыстырғанда өскенін де атап өтті.
3 ақпандағы жағдай бойынша республикада коронавирустық инфекциясы бар, жағдайы ауыр науқастар саны 310 адамды құрады, олардың ішіндегі жағдайы өте күрделі 57 тіркелген. Тәулігіне реанимацияға 30-50-ге дейін адам түсуде. Реанимация бөлімшесіндегі аурулардың жағдайын талдау кезінде пациенттердің 70% қант диабеті, артериялық гипертензия, өкпе ауруы, бауыр циррозы, жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі созылмалы аурулар және онкологиялық аурулардың бар екенін көрсетті. Осы пациенттердің 66%-ы бірінші тәулікте түсіп жатыр, - деді ол.Вице-министрдің айтуынша, участкілерде коронавирус симптомсыз түрде өтіп жатқандарды бақылау үшін балалары коронавируспен ауырған ата-аналарға арналған чек парақтар берілуі қажет. Сол арқылы аурудың күрделеніп кетпеуін бақылауға болады.
Айта кетейік, Ажар Ғиният бұған дейін республика бойынша өткен жылдың қараша айынан бастап КВИ сырқаттанушылықтың өсуі желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 есе байқалғанын, орташа өсу үрдісі қаңтарда да сақталғанын мәлімдеген еді.
Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА