Еш жеріңіз ауырмаса да жиі тексеріліп тұрыңыз – дәрігер

3 Ақпан 2021, 20:22
1852
Бөлісу:
Еш жеріңіз ауырмаса да жиі тексеріліп тұрыңыз – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР ДСМ Бас онкологы, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова «Пациент білуі тиіс: қатерлі ісіктің симптомдары» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

Дәріс барысында Қазақстанда көп кездесетін обыр түрлері, ерте диагноз қоюдың маңыздылығы, скринингтік тексеруден қайда және қалай өтуге болатынын, онкологиялық ауруларды емдеудің  заманауи әдістері  және осындай диагноз қойылған пациенттерге арналған медициналық оңалту көмегі туралы айтылды.

Рак (қатерлі ісік) ауруы диагностикасының алғашқы кезеңде анықталуы біздің елімізде орта есеппен 25,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 3 жыл бұрын 21%-ды құраған еді. Әрбір бесінші науқас рактың ерте стадиясында емделуге келеді. Бір өкініштісі, рактың ең төменгі ауыр деңгейінде келетіндер көп. Орталықта химиотерапия, сәулелі терапия сынды емнің барлық түрлері жасалады. Былтыр Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Өскемен қаласында сәулелік аппараттар орнатылды. Сонымен қатар, Семей, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы ракты емдеуге арналған заманауи аппараттар бар. Қазір Атырау, Жамбыл облыстарында 2021 жылы қазан айында жаңа онкологиялық орталық ашу жоспарланған, сәуір-мамыр айларында қолдануға берілетін болады, құрылыс аяқталуға жақын. Жаңа орталықтар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі, - деді дәрігер.
Ол келешекте аса ауыр жағдайдағы науқастар үшін үйге барып көмек көрсететін мобильді бригадалар жұмыс істейтінін айтты. Алдағы 5 жылда жатыр мойына қатерлі ісігі, сүт безі рагы мен тік ішектегі рак ауруына шалдыққан азаматтарды емдеуге арнайы жоспар бойынша 35 миллиард теңге бөлінген.
Неге дәл осы үш скрининг бойынша десеңіздер, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, осы скринигтің тиімділігі жоғары екені дәлелденген. 2020 жылы өкпе рагына арналған скриниг қосылды. Қазір министрлік өкілдерімен осы скринигке арналған бюджет талқылану үстінде. Бұл скринигтар компьютерлік томографиялар арқылы жүргізіледі. Күніне 2 қораптан артық темекі шегетін  немесе көп уақыттан бері шылым шегіп келе жатқан азаматтарға бірінші скриниг жүргізіледі. Комплекстік жоспар бойынша барлық тексерулер тегін жасалады, - деді Диляра Қайдарова.
Оның айтуынша, елімізде жатыр мойнының қатерлі ісігі жиілеген. Дәрігер пациенттер 28-29 жасында емделуге келетінін атап өтті. Рактың бұл түрінің алдын алу үшін 16 жастан бастап қыздарға ата-анасының рұқсатымен және тегін түрде вакцина жасау керек. Әлем бойынша бұл вакцинаны алуға үлкен кезек тұр. Диляра Қайдарова бүгінде Австралия тек қыздарды ғана емес, ұл балаларды да вакциналап жатқандығын, Қазақстан да осыны қолға алатынын жеткізді.

Дәрігер қазақстандықтарға ауру мазаламаса да, жылына екі рет тексеріліп тұруға кеңес береді. Өйткені, рак ауруының белгілері алғашқы деңгейде мүлдем сезілмеуі мүмкін.

Раушан АРМАНҚЫЗЫ

Өзгелердің жаңалығы