Қостанайда ұландықтар алтын бұйымдарын ұрлаған бұзақыны қолға түсірді

3 Ақпан 2021, 17:26
1411
Бөлісу:
Қостанайда ұландықтар алтын бұйымдарын ұрлаған бұзақыны қолға түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тәртібін қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің жауынгерлері Жедел басқару орталығынан «Сауда орталығы» ғимаратында ұрлық жасалғаны туралы хабар алады. 

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, қаскөй әйелдің алтын бұйымдары мен құжаттары бар әмиянын қолды қылып, саябақ жаққа қарай қаша жөнелген.

Ұрлық жасаған азаматтың түр-сипаты осы арадағы барлық бағыттарға хабарланып, ұландықтар дереу іздеуге кіріседі. Арада аз уақыт өтпей, құрамында кіші сержант Мақсат Борамбаев, Ярослав Соловьев және Сергей Пашков бар әскери жасақ хабарламада берілген белгілерге ұқсайтын азаматты байқайды. Тексеріс кезінде әлгі азаматтың қолындағы пакеттің ішінде ұрланған айғақ заттар табылған. 

Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында 1992 жылы туған ер азаматты ұландықтар Қостанай қалалық полиция бөліміне жеткізеді.

Өзгелердің жаңалығы