«Ashуq» мобильдік қосымшасы бизнес орталықтардың жағдайын жеңілдетуге бағытталған

3 Ақпан 2021, 20:17
1086
Бөлісу:
«Ashуq» мобильдік қосымшасы бизнес орталықтардың жағдайын жеңілдетуге бағытталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Электрондық денсаулық сақтау департаментінің директоры Бейбіт Есенбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.

Бейбіт Есенбаев атап өткендей, «Ashуq» мобильді қосымшасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігі бірлесіп жасаған жоба. Коронавирустық жағдайға байланысты қазіргі уақытта жұмыс істемейтін бизнес орталықтары, әрине, өз жұмыстарын жалғастырғылары келеді. Мұны жүзеге асыру үшін, ең бірінші, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бұл қосымшаның пилоттық практикасы іске қосылды.
Кейбір жерлерде қалаған жанның келісімімен ұялы телефонына мобильді қосымша орнатылады және ол өзі қалаған мекемеге кіру үшін QR-код арқылы сканерлейді. Осылайша, ол өзі туралы ақпаратпен мекеме жұмыскерлерімен бөліседі. Егер ол азаматта коронавирустық инфекция бары анықталса, онда оны мекемеге кіргізбейді. Бұл мекеме ішіндегі адамдарды инфекциядан қорғап қалуға, сонымен қатар карантинде үйде отыруы қажет жандардың қоғамдық орындарда болмауын қадағалау үшін жасалып отыр, - деді Электрондық денсаулық сақтау департаментінің директоры.
Бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов бұл жобаның КВИ-ға қарсы жаппай вакцинациямен байланысты емес екенін айтқан болатын.

Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА

Өзгелердің жаңалығы