Аналогтық хабар тарату тарих қойнауына енді – Сағынтаев

3 Ақпан 2021, 15:15
1737
Бөлісу:
Аналогтық хабар тарату тарих қойнауына енді – Сағынтаев
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев цифрлы эфирлік телевизияға көшіру жобасының аяқталғанын хабарлады.

Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында цифрландырудың жаңа кезеңінің бастау алуымен аналогтық хабар таратудың  тарих қойнауына енетінін атап өтті.

Жобаны кезең-кезеңмен іске асыру кезінде Алматы мен облыстағы 90 цифрлы радиотелевизиялық станса пайдалануға берілді. Бұл – 3,8 миллионнан астам тұрғыны бар 736 елді мекенді цифрлы эфирлік телехабар тарату жүйесімен қамтуға мүмкіндік ашты, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев. 

цифр2.jpeg

Цифрлы стандарт отандық телеарналардың хабар тарату үлесін ұлғайтып, елдің ақпараттық ресурсына тең құқықты қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұған дейін 4-5 телеарнаның орнына қазақстандық 30-ға жуық  телеарнаны таңдауға мүмкіндік бар. Бұл ретте қымбат спутниктік табақты орнатудың да, кабельдік операторға ақы төлеудің де қажеті жоқ. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар сигнал қабылдағыштар арқылы тегін қамтамасыз етіледі.

цифр3.jpeg

«Цифрлы» режимге көшудің ресми рәсімі «Көктөбе» телемұнарасында өтті. Ол республикадағы ең биік және тек Алматы аумағын ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы 200 елді мекенді цифрлы сигналмен қамтиды. Бұл Алматы облысы тұрғындарының 40%-ын құрайды.

Өзгелердің жаңалығы