Алматыда көлік жөндеу орталығы өртеніп, 20 машина жанып кетті

3 Ақпан 2021, 07:32
1810
Бөлісу:
Алматыда көлік жөндеу орталығы өртеніп, 20 машина жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда көлік жөндейтін орталықта өрт шығып, жиырма автокөлік жанып кетті.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 ақпан күні кешкі сағат 21:52 шамасында Бостандық ауданы Сәтпаев көшесі, 139 мекенжайында орналасқан көлік жөндейтін орталық өртенді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жеткен. Орталықта тұрған 20 автокөлік жанып кеткен. Одан бөлек 4 көлікке зақым келген. 15 машинаны өрт шарпыған аумақтан құтқарушылар алып шыққан, - делінген ТЖД хабарламасында.

Жалпы 600 шаршы метр аумақ отқа оранған. Ғимараттың жалпы аумағы – 1300 шаршы метр. Өртті көлік жөндейтін орынның жанындағы жанармай құю бекетіне жеткізбей, толықтай сағат 23:47-де сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы