Сағынтаев: Цифрландыру – қылмысқа қарсы күресте неғұрлым тиімді құрал

3 Ақпан 2021, 09:55
1400
Бөлісу:
Сағынтаев: Цифрландыру – қылмысқа қарсы күресте неғұрлым тиімді құрал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев заң бұзушылықтардың алдын алу және анықтау үшін ақпараттық технологияларды қолдану туралы айтты.

Қала әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында цифрландырудың қылмыспен күресте ең тиімді құрал екенін атап өтті.

Тиімді қоғамдық қауіпсіздік, ең бастысы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін адамдар көп жиналатын орындарға бейнебақылау жобаларын енгізудеміз. 2019-2020 жылдары 1 мың бейнекамера орнатылды, 103 осындай камера цифрлық форматқа ауыстырылды, ПД-нің жедел басқару орталығы жаңарды және бақылау орталығы құрылды, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Бағдарламалық жасақтама адамдарды белгілері бойынша іздеуге, автомобиль, велосипедті, қалдырылған заттарды табуға, сондай-ақ үй немесе кеңселерге рұқсатсыз кіру әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. Болашақта бейнемониторинг жүйесі камераларының санын 4 мыңға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл мегаполистің қоғамдық кеңістігін толық қамтуға мүмкіндік береді.

Сағынтаевтың айтуынша, жалпы Алматыда бюджеттік бағдарламалар бойынша, жеке ұйымдар мен МЖӘ аясында орнатылған 120 мың бейнебақылау камерасы пайдаланылуда. Сыртқы бейнебақылау жүйесінің көмегімен 6 мыңға жуық қылмыс ашылды. «БДД» ААЖ және «Сергек» АӨК бейнекамералары 1,4 млн бұзушылықты тіркеді.

Барлық автобустарда орнатылған бейнекамералардың арқасында қалта ұрлығы 2 есе көп азайды. Қоғамдық көлікте ұрлық жасаған 85 қылмыстық топ әшкереленді, - деп атап өтті Алматы әкімі.

Сонымен қатар, барлық бақылау жүйелерінің дерекқорын интеграциялау және жасанды зердені қолдану Алматыда қылмыстың ұзақ мерзімді және тұрақты төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жақын арада тұрған №1 міндет.

Өзгелердің жаңалығы