Әбілшайықов: Кәсіпкерлердің жұмысын жандандыру мақсатында пилоттық жоба бастадық

3 Ақпан 2021, 18:43
1392
Бөлісу:
Әбілшайықов: Кәсіпкерлердің жұмысын жандандыру мақсатында пилоттық  жоба бастадық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Мемлекет басшысының елдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі тапсырмаларын іске асыру» атты брифингінде «Атамекен» ҚР ҰҚП Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов мәлімдеді.

Әлемдік тәжірибеде QR-код қолдану тәжірибесі кеңінен қолданылып, жақсы жұмыс атқарылуда. Осы ретте жобаға отандық өндірушілер тартып,  ЦДИАӨМ-мен әлі  де пилоттық жүйеде жетілдірудеміз.  Қазірде бұл жобаға міндетті түрде қатысу керек деген нормативтік құжат жоқ, кәсіпкерлер тек өз бастамаларымен қатысуда, - деді ол.
Оның айтуынша, қазірде өңірлер карантиндік аймаққа өтіп жатқандықтан, кәсіпкерлер үшін жұмыс істеу туралы нақты түсінік жоқ. Сондықтан осы мәселені шешу мақсатында жүйені  тәжірибе ретінде сынап көрмек.
Айдың басынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бағдарламаға 55-тен аса кәсіпкер қатысты,  платформада 8 мыңнан астам абонент тіркелді. Қазіргі кезде карантинге байланысты жұмысын тоқтатқан 13 мыңнан астам кәсіпкеріміз тізімде тұр. Оның ішінде компьютелік клуб, банкеттік зал боулинг, билиярд  және т.б. Осы салада жұмыс істеп жатқан мамандардың жұмысын жандандыру мақсатында пилоттық  жобаны бастадық. Бағдарлама аясында  2 аптада  кәсіпкерлермен жүргізілген жұмыстарды зерттеп, ұсынысымызды бас санитарлық дәрігерге жеткіземіз, - деді ол.
Айта кетейік, жұмыс істеп жатқан салалар  базарлар, сауда-саттық орталықтары, үй жанындағы дүкендерге бұл QR-кодты енгізудің қажеті жоқ. Осыған дейін коронавирусқа қарсы егілген қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтар берілетінін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтқан болатын. Жеке иммундық мәртебе туралы деректер eGov Mobile мобильдік қосымшасында және «Ashyq» медициналық қосымшасында көрсетіледі. Осы арқылы қосымшада көрсетілген түске байланысты мекемеге кіруге рұқсат етіледі.

Ботакөз ЖАҚИЯНОВА

Өзгелердің жаңалығы