Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы барысында айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап елімізде коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинация басталды. КВИ-ға қарсы вакцинация науқаспен дәрігердің келісімімен және мемлекеттік бюджеттің есебімен тегін жүргізіледі. Вакцинациялық профилактикаға егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Екпенің алдында дене температурасын өлшеу, эпидемологиялық анализ жинау, артериялық қысымды өлшеу сияқты дәрігердің міндетті тексерілуі жүргізілуі қажет. Егер дене температурасы 37 - ден асса, екпе жасауға болмайды. Қазіргі таңда вакцинациялау профилактиканың жалғыз тиімді құралы болып отыр. Вакцинациялау сырқаттанушылықты төмендетуге, коронавирустық инфекциясы бар пациенттердің жағдайын жеңілдетуге және тиісінше, одан болатын өлімді азайтуға мүмкіндік береді,- деді Ажар Ғиният.
Ол сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын-алу және емдеу бойынша практикалық ұсыныстарды тағы бір еске салды:
1. Гигиенаны сақтау, саламатты өмір салтын ұстану, таза ауада жиі серуендеу.
2. Жоғары тыныс алу жолдарының инфекция симптомы байқалған кезде өз бетінше жаттығулармен айналысуға болмайды.
3. Жоғары температура, әлсіздік, жөтел болған кезде «103» нөміріне хабарласу керек.
Айта кетейік, Ажар Ғиният бұған дейін республика бойынша өткен жылдың қараша айынан бастап КВИ сырқаттанушылықтың өсуі желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 есе байқалғанын, орташа өсу үрдісі қаңтарда да сақталғанын мәлімдеген еді.
Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА