Елімізде наурыздан бастап тағы 5800 шақырым жол ақылы болады

3 Ақпан 2021, 01:41
1661
Бөлісу:
Елімізде наурыздан бастап тағы 5800 шақырым жол ақылы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурыздан бастап тағы 5800 шақырым жол ақылы болады, деп хабарлайды Аtameken Business.

Жолаушылар жалпы саны 13 су жаңа учаскеден өту үшін ақша төлейтін болады.

Атап айтқанда, Шымкент – Ташкент, Қапшағай – Талдықорған, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Павлодар – Омбы, Атырау – Ақтау және тағы 4 автожол ақылы болмақ. Ал учаскелерден түскен қаржы ағымдағы жөндеу жұмыстарына, жолдарды күтіп ұстауға және инвесторларға төлем жасауға жұмсалады. Жалпы  биыл ақылы жолдардан ел бюджетіне 26 млрд теңгеге жуық пайда түседі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің болжамынша, ең көп түсім 1,9 млрд теңге «Нұр-Сұлтан – Теміртау» бағытындағы жол учаскесінен болмақ. «Ал Нұр-Сұлтан – Щучинск» – 1,66 млрд, «Алматы – Қорғас» – 1,1 млрд, «Алматы – Қапшағай» бағыты 1,33 млрд теңге қаржы әкеледі деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы