Махамбет ауданында бройлерлік құс етін өндіру кешені салынады – Атырау

3 Ақпан 2021, 06:30
1515
Бөлісу:
Махамбет ауданында бройлерлік құс етін өндіру кешені салынады – Атырау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай​ айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

2021 жылы ​ «Meken Chiken» ЖШС-нің «Бройлерлік құс етін өндіру кешенін салу» жобасы жүзеге асады. Жалпы ​ құны 5,9 млрд теңгеге бағаланған жоба іске қосылған жағдайда 79 адам жұмыспен қамтылады.

«Индустрияландыру картасы» аясында ​ «Жумагалиева» ШҚ ​ жылыжай жобасын іске қосқалы ​ отыр.​ Құны 1,2 млрд теңгеге бағаланған жоба іске асырылған жағдайда 40 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта жылыжай құрылысы басталды. Жалпы жоспар бойынша 16 гектар жерге жылыжай салынатын болады, - деді Мұқаш Зұлхарнай.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданы бойынша өткен жылы «Индустрияландыру картасына» 4 жоба іске қосылды. Олар – «Бірінші май» ЖШС сүт өндіру зауыты, «Сарайшық АТШ» ЖШС ешкі сүтін өндіру фермасы, «Бірінші май» ЖШС-інің Биогумус өндіру кешені, «Бірінші май» ЖШС-інің сүт өңдеу фермасын кеңейту жобасы.

Оларда 125 жұмыс орыны ашылған.


Өзгелердің жаңалығы