Тоқаев Пәкістанның үкімет басшысына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пешавардағы қайғылы оқиғаға байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

 Ақорда 17 Қазан 2026, 15:41
17 Қазан 2026, 15:41
64
Фото: Ақорда

Президент Пәкістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты. Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді, - делінген хабарламада. 

Наверх