Ақтауда гүл сататын павильонда екі кондиционер өртенді

Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

 видеодан скриншот 17 Қазан 2026, 19:52
17 Қазан 2026, 19:52
32
Фото: видеодан скриншот

Ақтаудың 9-шағынауданында сауда орталығына жапсарлас орналасқан гүл павильонындағы екі кондиционерден өрт шықты.

Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметі өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі кондиционерлерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.

Мамандардың кеңесі:

  • Жабдықтың жарамдылығын және электр сымдарының күйін үнемі тексеріп отырыңыз.
  • Электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз.
  • Кондиционерді шаң мен кірден уақытылы тазалаңыз.
  • Күйік иісі немесе түтін байқалса, құрылғыны дереу электр желісінен ажыратыңыз.
  • Ақауы бар жабдықты пайдаланбаңыз.
Наверх