Санкт-Петербургте маймыл шешегіне күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылды

Науқастар дәрігерлердің бақылауында. Мамандар санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді бастап, дезинфекция жүргізуге нұсқама берді.

 istockphoto.com 17 Қазан 2026, 11:46
17 Қазан 2026, 11:46
32
Фото: istockphoto.com

Санкт-Петербургте маймыл шешегін жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылды. Олар дәрігерлердің бақылауында.

«Интерфакс» агенттігінің мәліметінше, Санкт-Петербург пен Ленинград облысы бойынша Роспотребнадзордың өңіраралық басқармасы аурудың болуы мүмкін екені туралы ақпарат түскеннен кейін мамандар санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді дереу бастағанын хабарлады.

Сонымен қатар дезинфекция жүргізу туралы нұсқама берілді.

Бұған дейін Мәскеу облысында маймыл шешегіне күдік туындаған адаммен байланыста болған бес адам ауруханаға жатқызылған еді.

Наверх