Алматы облысындағы заңсыз қоқыс полигонында шыққан өрт толық сөндірілді

Өрт 850 шаршы метр аумақты шарпыды. Төтенше жағдайлар қызметі өртті толық сөндірді, зардап шеккендер жоқ.

 pixabay.com 17 Қазан 2026, 18:08
17 Қазан 2026, 18:08
119
Фото: pixabay.com

Алматы облысының Талғар ауданында рұқсат етілмеген қоқыс полигонында шыққан өрт толық сөндірілді.

Өрт 850 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жо», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қоқыс Байтерек ауылының маңындағы қараусыз қалған карьерде тұтанған. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, су үздіксіз жеткізілді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен жергілікті қызметтер жұмылдырылды.

Наверх