Республика бойынша 2 орман өрті тіркелді

Өртті сөндіруге қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.

 canva 17 Қазан 2026, 22:42
17 Қазан 2026, 22:42
52
Фото: canva
2026 жылғы 16 қазанда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 2 орман өрті тіркелді.

Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген екі өрт ошағы мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында анықталды. 

Жедел әрі үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде өрттер кең аумаққа таралмай, қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді. 

Азаматтарды өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Наверх