Хромтауда қоқыс жәшігін сындырған 26 жастағы тұрғын 10 тәулікке қамалды

Хромтау қаласында қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 26 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

 polisia.kz 18 Қазан 2026, 08:37
18 Қазан 2026, 08:37
128
Фото: polisia.kz

Хромтау аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары қала көшелерінің бірінде мүлікті қасақана бүлдіру фактісін тіркеген. Бұл туралы BAQ.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

12 қазанға қараған түні жергілікті «Хромит» қонақүйінің маңында жас жігіт алдымен көшедегі қоқыс жәшігінің ішіндегісін тротуарға төгіп, кейін оны әдейі сындырған.

Құқық қорғау органдары бұзақының жеке басын жедел анықтады. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Өз әрекеті үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Сондай-ақ тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарауға шақырды.

Наверх