Қазақстанда бір күнде екі орман өрті тіркелді

Тиісті қызметтер азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

17 Қазан 2026, 03:40
АВТОР
 depositphotos.com 17 Қазан 2026, 03:40
17 Қазан 2026, 03:40
584
Фото: depositphotos.com

2026 жылғы 16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік орман қоры аумағында екі өрт оқиғасы тіркелді.

Өрт ошақтарын мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері жерүсті патрульдеу кезінде анықтаған. Оларды сөндіруге қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде өрттер кең аумаққа таралмай, қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді.

Тиісті қызметтер азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Наверх