Все новости за 29 тамыз 2026
-
-
Алматыда электросамокат мінген ер адам жол апатынан қаза тапты
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
-
Ғабит Мүсірепов театры Шри-Ланкадағы фестивальде екі жүлде иеленді
«Қаһар» – адам жанының арпалысы мен ішкі қайшылығын сахна тілімен бейнелейтін психологиялық моноспектакль.
-
Алматыда жеке үй өртеніп, жалын көрші баспанаға тарады
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
-
Абылайхан Жұбаназар Лозаннадағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды
28-30 тамыз аралығында өтіп жатқан Лозанна Grand Slam турниріне 77 елден 513 спортшы қатысуда.
-
Қазақстан – Қырғызстан шекарасында 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр
Жүк көліктерінің бір бөлігі жақын маңдағы өткізу пункттеріне бағытталуда.
-
Қазақстанда бір тәулікте 5 орман өрті тіркелді
Өрт ошақтары әуеден бақылау, арнайы анықтау құралдары және орман күзетінің күнделікті мониторингі барысында анықталған.
-
Астанада тағы бес автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді
Өзгерістер №1, №20, №70, №35 және №36 автобус бағыттарына қатысты.
-
36 мың адам, 1,5 мың тонна қоқыс: «Таза жағалау» акциясы
Қазақстанда «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті.
-
Қазақстан мен Үндістан цифрлық криминалистика мамандарын қос дипломды бағдарлама бойынша даярлай бастады
Оқу қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Басқару академиясының 20 магистранты екі университеттің дипломын алады.
-
Ақмолада ер адам пойыз астына түсіп, ауыр жарақат алды
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға вагон қозғала бастаған кезде болған.
-
Қазақстанда 7,7 млн тонна астық жиналды: келіп түскен бидайдың 78%-ы үшінші сыныпқа жатады
Қабылданған жұмсақ бидайдың негізгі бөлігі жоғары сапалы астыққа жатады. Сапалық көрсеткіштерді анықтау нәтижесіне сәйкес, оның 78%-ы үшінші сыныпқа, 14%-ы төртінші сыныпқа жатқызылды.
-
Қазақстанда су саласының 500-ге жуық маманы шетелде біліктілігін арттырды
Биыл 40-қа жуық отандық су саласының маманы Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан өтті
-
Вена музейінен құны 4 миллион доллардан асатын алқа ұрланды
Ұрланған әшекейде 600-ден астам бриллиант бар.
-
Қытай-Непал шекарасында үшінші Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
-
Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды
Сайтта отырыстардың онлайн-трансляциялары, фото және бейнематериалдар қолжетімді болады
-
Астанада конкурдан Қазақстан Кубогы басталды
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 2 миллион теңге.
-
Президент мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жарлыққа қол қойды
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды
-
Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды
Алдағы уақытта ипподромды кешенді дамыту тұжырымдамасы әзірленеді
-
277 келі: Атырауда бекіре балығын заңсыз тасымалдағандар ұсталды
Тексеру барысында салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленді.
-
Қасиетті һәм қасіретті Семей: ядролық сынақтан бейбітшілік символына дейін
1991 жылғы 29 тамыз – Қазақстан тарихындағы ғана емес, әлемдік деңгейдегі маңызды дата. Осы күні Семей ядролық сынақ полигоны ресми түрде жабылды. Биыл тарихи шешімге 35 жыл толып отыр.
-
Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 600-ден асты
Непал мен Тибетте болған жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 623 адамға жетті.
-
Жаңа мектептерден жасанды интеллектіге дейін: Президент Жолдауы аясында адам капиталын дамыту қалай жүзеге асырылуда
Үкімет бұл бағыттарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жүзеге асыруда. Президент білім беру, ғылым мен кәсіби құзыреттілікті дамытуды және азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мүмкіндіктер жасауды елімізді одан әрі дамытудың маңызды шарттары ретінде белгіледі.
-
Атырау облысында белгісіз аурудан мал қырылып жатыр
Тұрғындардың айтуынша, мәселе биыл ғана туындамаған. Осыған ұқсас жағдай өткен жылы да болған. Ол кезде мамандар малдан сынама алғанымен, аурудың нақты себебі анықталмаған.
-
БАӘ-де қаза тапқан 2 қазақстандықтың денесі елге жеткізілді
Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
-
Қазақстан мен БҰҰ қылмысқа қарсы ынтымақтастықты күшейтеді
Қатысушылар 2017 жылдан бері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында жасалған Меморандум негізінде жүзеге асырылып келе жатқан тиімді әрі мазмұнды ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті.
-
Ұлттық ұлан сарбазы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогының чемпионы атанды
Әскери қызметшінің жоғары нәтижесі құқықтық тәртіп әскері жауынгерлерінің кәсіби даярлығын айқын растады.
-
ТЖМ авиациясы Түркістан облысынан жаңа туған нәрестені Шымкентке жеткізді
Сәби мамандандырылған медициналық мекемеде дәрігерлердің тікелей бақылауына алынды
-
Астанада Бараев көшесінің бір бөлігі 1 қыркүйекке дейін ішінара жабылады
Жол құрылысы жұмыстары аясында жол төсемінің жоғарғы қабаты төселеді.
-
Бір жылда жасалатын операция қазір 8 күнде аяқталады: Әлемдік кардиологтар Алматыда бас қосты
Конференция барысында сарапшылар интервенциялық кардиология саласындағы заманауи әдістерді, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудегі жаңа технологияларды және күрделі клиникалық жағдайларды талқылайды.
-
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пышақпен адамдарды қорқытқан жігіт ұсталды
Құқық бұзушы 19 жастағы азамат болып шықты.
-
Қазақстан жолдарында қаза тапқандар саны 2026 жылы азая бастады
Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 4%-ға, жарақат алғандар саны 6%-ға азайған.
-
Иран АҚШ санкцияларына қосылмауға шақырды
Иран тарапы Вашингтонды долларды қысым көрсету құралы ретінде пайдаланды деп сынады.
-
Трамп Венесуэланың мұнай қорын АҚШ бақылауына алғанын мәлімдеді
АҚШ президенті Вашингтонның Венесуэладағы 65 миллиард баррельден астам дәлелденген мұнай қорына бақылау алғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл келісім америкалық салық төлеушілерге шығын келтірмейді.
-
Алматыда кафеде өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
-
Мемлекет басшысы Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне үндеу жасады
Бүгін әлемдік қауымдастық Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін атап өтуде.
-
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
«Қазгидромет» мәліметінше, бұл жағдай ауадағы зиянды заттардың жиналуына әкелуі мүмкін. Бұған желдің әлсіз болуы, тұман және ауа температурасының инверсиясы сияқты факторлар әсер етеді.
-
Зауыттағы жарылыстан үш адам қаза тауып, екі адам жараланды
Өрт толық сөндірілгеннен кейін полиция мен құтқарушылар кәсіпорын аумағын қайта тексеріп, басқа да зардап шеккендер бар-жоғын анықтауды жоспарлаған.
-
Сеутада мигранттарға қарсы наразылық өршіді: өрт қойылып, газ қолданылды
Жергілікті тұрғындар мигранттар лагеріне азық-түлік жеткізіп жатқан Қызыл Крест көліктерінің жолын да бөгеуге тырысқан.
-
Қазақстан мен АҚШ су тазарту және оны қайта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытып жатыр
Америкалық тарап Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастық орнатудың перспективаларын жоғары бағалады. IBL Elements Inc. компаниясының директоры Лия Дженкинс америкалық технологияларды Қазақстанда іс жүзінде қолдануға компанияның мүдделі екенін атап өтті.
-
Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің денесі табылды
Марқұмның жеке басы әзірге анықталған жоқ
-
29 тамызға валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.
-
Әділет министрлігі авторларды туындылары туралы мәліметтерді Бірыңғай цифрлық платформаға енгізуге шақырды
Пайдаланушыларға туындылар, авторлар мен құқық иеленушілер, құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдары (ҚҰБҰ), пайдаланушылар және жасалған шарттар тізілімдері қолжетімді. Бірыңғай цифрлық платформада белгілі бір кезеңдегі ең танымал орындаушылардың рейтингі сияқты статистикалық мәліметтер де ұсынылған. Бұдан бөлек, жүйеде туындылардың карточкалары және оларға қатысты өзге де ақпарат қамтылған.
-
Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің капсуласы салынды
Жаңа көпірдің ұзындығы – 319,4 метр, ені – 12 метр.
-
Қазақстанның атынан әлем чемпионатына баратын 5 жас робототехник анықталды
Ұлттық құрамаға Алматыдағы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей мен Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның оқушылары енді:
Наверх