Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

«Қазгидромет» мәліметінше, бұл жағдай ауадағы зиянды заттардың жиналуына әкелуі мүмкін. Бұған желдің әлсіз болуы, тұман және ауа температурасының инверсиясы сияқты факторлар әсер етеді.

 unsplash.com 29 Тамыз 2026, 07:48
29 Тамыз 2026, 07:48
153
Фото: unsplash.com
29 тамызда Алматы, Ақтөбе және Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

«Қазгидромет» мәліметінше, бұл жағдай ауадағы зиянды заттардың жиналуына әкелуі мүмкін. Бұған желдің әлсіз болуы, тұман және ауа температурасының инверсиясы сияқты факторлар әсер етеді.

Қолайсыз метеожағдай кезінде тұрғындарға:

  • далада, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге;
  • балалар мен жүкті әйелдердің ұзақ серуендеуін шектеуге;
  • ашық ауада физикалық жүктемені азайтуға;
  • спортпен жабық ғимараттарда айналысуға кеңес беріледі.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Наверх