Қазақстан жолдарында қаза тапқандар саны 2026 жылы азая бастады

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 4%-ға, жарақат алғандар саны 6%-ға азайған.

 depositphotos.com 29 Тамыз 2026, 09:55
29 Тамыз 2026, 09:55
168
Фото: depositphotos.com

2026 жылдың жеті айында Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 16%-ға қысқарды.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 4%-ға, жарақат алғандар саны 6%-ға азайған.

Үкімет мәліметінше, бүгінде жолдарда 31 мыңнан астам автоматты бақылау жүйесі жұмыс істейді. Олардың көмегімен 5,7 млн құқық бұзушылықтың жолы кесілген.

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру құқық қорғау жүйесін құқық бұзушылықтарға әрекет етуден олардың алдын алуға біртіндеп бағыттап келеді. Цифрлық құралдар мен профилактикалық шаралар қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді, – делінген ҚР Үкіметінің хабарламасында.

Наверх