Астанада тағы бес автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді

Өзгерістер №1, №20, №70, №35 және №36 автобус бағыттарына қатысты.

 City Transportation Systems 29 Тамыз 2026, 20:55
29 Тамыз 2026, 20:55
99
Фото: City Transportation Systems
Астанада жол жөндеу жұмыстары мен жол қозғалысына қойылған шектеулерге байланысты бес автобус бағытының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

Өзгерістер №1, №20, №70, №35 және №36 автобус бағыттарына қатысты.

Жолдың жабық учаскелеріне байланысты аталған автобустар уақытша өзгертілген бағытпен қатынайды. Осыған орай кейбір аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша жүзеге асырылмайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік қозғалысындағы өзгерістерді ескеруге кеңес берілді.

 
 
Наверх