Қазақстан – Қырғызстан шекарасында 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр

Жүк көліктерінің бір бөлігі жақын маңдағы өткізу пункттеріне бағытталуда.

 depositphotos.com 29 Тамыз 2026, 21:48
29 Тамыз 2026, 21:48
91
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстан бағытында 400-ге жуық жүк көлігі жиналды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, көлік ағынының артуы уақытша сипатқа ие. Бұған халықаралық жүк тасымалының маусымдық өсуі және Қырғызстан аумағында жүк көліктерінің қозғалысына енгізілген температуралық шектеулер әсер еткен.

Жағдайды тұрақтандыру үшін өткізу пунктінің жұмысы күшейтіліп, ішкі істер органдарымен бірлесіп көлік ағынын реттеу қолға алынды. Жүк көліктерінің бір бөлігі жақын маңдағы өткізу пункттеріне бағытталуда.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстанның құзыретті органдары өткізу қабілетін арттыру және жағдайды жедел реттеу бойынша тұрақты байланыста жұмыс істеп жатыр.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен жүргізушілерге жол бағытын жоспарлау кезінде шекарадағы қазіргі жағдайды ескеруге кеңес берді.

Наверх