Иран АҚШ санкцияларына қосылмауға шақырды

Иран тарапы Вашингтонды долларды қысым көрсету құралы ретінде пайдаланды деп сынады.

 depositphotos.com 29 Тамыз 2026, 09:09
29 Тамыз 2026, 09:09
177
Фото: depositphotos.com

Тегеран әлем елдерін АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық қысымына қатыспауға және Вашингтон енгізген санкцияларды мойындамауға шақырды.

Иран Сыртқы істер министрлігі бұл туралы жұма күні жасаған мәлімдемесінде айтты.

Ведомство АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын «толық заңсыз әрі негізсіз» деп бағалады. Иран тарапының пікірінше, мұндай шектеулер БҰҰ Жарғысына қайшы келеді және мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтірмеу қағидаларын бұзады.

Барлық мемлекеттер мұндай санкцияларды енгізуден бас тартуы тиіс, – делінген Иран СІМ мәлімдемесінде.

Тегеран АҚШ жариялаған «экономикалық операцияны» Иранға қарсы соңғы бір жарым жыл бойы жалғасып келе жатқан соғыстың жалғасы деп санайды. Иран СІМ сондай-ақ БҰҰ мен оған мүше елдерді АҚШ пен Израильдің халықаралық құқықты бұзуына тиісті реакция танытпады деп айыптады.

Бұған қоса, Иран тарапы Вашингтонды долларды қысым көрсету құралы ретінде пайдаланды деп сынады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы «бұрын-соңды болмаған экономикалық операция» басталғанын жариялап, Тегеранға қандай да бір көмек көрсететін кез келген ел ауыр экономикалық салдарға тап болатынын ескерткен.

Наверх