Абылайхан Жұбаназар Лозаннадағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

28-30 тамыз аралығында өтіп жатқан Лозанна Grand Slam турниріне 77 елден 513 спортшы қатысуда.

29 Тамыз 2026, 22:13
АВТОР
 Спортты дамыту дирекциясы 29 Тамыз 2026, 22:13
29 Тамыз 2026, 22:13
90
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұбаназар финалда Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевтен басым түсті.

Финалға дейін қазақстандық спортшы Чехия өкілі Петр Млади, украиналық Владислав Колобов, грузиялық Заур Двалашвили, ресейлік Егор Сухопаров және БАӘ атынан өнер көрсететін Георгий Елбакиевті жеңді.

Бұл – Жұбаназардың Grand Slam турнирлеріндегі екінші финалы. Бұған дейін ол 2023 жылы Тбилисиде өткен Grand Slam бәсекесінде күміс жүлде иеленген.

28-30 тамыз аралығында өтіп жатқан Лозанна Grand Slam турниріне 77 елден 513 спортшы қатысуда.

Наверх