Алматыда электросамокат мінген ер адам жол апатынан қаза тапты

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

29 Тамыз 2026, 22:21
АВТОР
 BAQ.KZ архиві 29 Тамыз 2026, 22:21
29 Тамыз 2026, 22:21
199
Фото: BAQ.KZ архиві

Алматыда электросамокатпен жүрген 44 жастағы ер адам жол апатынан қаза тапты. Оқиға түнгі уақытта Варламов көшесінде, Төле би даңғылына жақын маңда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам электросамокатты басқара алмай, жол жиегіндегі жиектасқа соғылып құлаған. Салдарынан ауыр жарақат алған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жетіп, ер адамның өмірін сақтап қалуға әрекет жасаған. Алайда алған жарақаттарының ауырлығына байланысты ол көз жұмды.

Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм электросамокатпен жүрген кезде шлем және басқа да қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх