Все новости за 28 маусым 2026
-
-
Қазақстанда бір тәулік ішінде бес орман өрті тіркелді
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағай разрядтарының салдарынан шыққан.
-
8,5 млн теңгеге сатқан: Ақтауда алаяқтар зейнеткерді жалғыз баспанасынан айырды
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, әйел ресми түрде жәбірленуші деп танылған.
-
Каспийде катерге мінбек болған әйел теңізге құлап кетті
Оқиға орнында жақын маңда жүрген құтқарушылар жедел әрекет етіп, әйелді судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.
-
Энергетика министрлігі: Маңғыстау мен Атырауда автогаз тапшылығы жоқ
Энергетика министрлігі Батыс Қазақстан өңірлерін сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
-
Астанадағы POLICE RUN жарысына 2 мыңнан астам адам қатысты
Жарысқа ішкі істер органдарының қызметкерлерімен қатар елорда тұрғындары, жүгіруге әуес жандар және салауатты өмір салтын ұстанушылар қатысты.
-
Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім аман табылды
Жас жігіттерге медициналық көмек қажет болмады.
-
Венесуэлада жер сілкінісінен кейін үйінді астында төрт күн жатқан 11 жастағы бала аман қалды
Құтқарушылар баланы төрт тәуліктен кейін үйінді астынан тірі алып шықты.
-
Павлодар облысында дауыл кезінде басқарусыз қалған катамарандағы туристер құтқарылды
Қатты желдің салдарынан катамаранды басқара алмай қалған демалушыларға құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетті.
-
Францияда парашютшілер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты
Әуе апаты салдарынан борттағы барлық адам көз жұмды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
-
«Жедел жәрдем кіре алмады»: Алматыдағы тұрғын үй кешенінің ауласында әйел босанып қалды
Тұрғындардың айтуынша, жедел жәрдем көлігі аулаға өте алмағандықтан, әйел нәрестесін далада дүниеге әкелген.
-
Алматы облысының чемпионатында мықтылар анықталды
Жарыс қорытындысы бойынша бірнеше бағытта чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды.
-
Сауд Арабиясында мұнай компаниясының тікұшағы апатқа ұшырады
Апат салдарынан тікұшақтағы барлық адам қаза тапты. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
-
Полицейдің өліміне қатысты іс: Жасөспірімдер үйқамаққа алынды
Сот тергеу аяқталғанға дейін күдікті жасөспірімдерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақты таңдады.
-
Қазақстандық бітімгерлер Сирия тұрғындарына көмек көрсетті
Гуманитарлық көмек аясында жергілікті халыққа қажетті заттар таратылып, қиын жағдайда қалған тұрғындарға қолдау көрсетілді.
-
Алма-Арасанда жол апаты болды: бірнеше адам жарақат алды
Соққыдан кейін көліктің бірі аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан бірнеше адам зардап шекті.
-
Қазақстанның оңтүстігінде никабқа тыйымды бұзған ондаған адам анықталды
Полиция заң талаптарын бұзған азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар қабылдады.
-
Өзбекстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Елде кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеуді көздейтін заң жобасы әзірленіп жатыр.
-
Антикор қызметкерімін деп алдаған: алаяқ қазақстандықтарды миллиондаған теңгеге алдап соқты
Күдікті өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, ірі көлемде ақша жымқырған.
-
Францияда аптап ыстықтан мыңға жуық адам көз жұмды
Елде бірнеше күннен бері жалғасқан аптап ыстық салдарынан қаза тапқандар саны мыңға жуықтады.
-
Алматылық жүргізушілерге бір көшенің бір айға жабылатыны ескертілді
29 маусымнан 29 шілдеге дейін Жуалы көшесінің Төле би көшесі мен Райымбек батыр даңғылы аралығындағы бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылады.
-
Ақмола облысында жұмысшылар отырған тіркеме аударылып қалды
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда жатыр.
-
Күнде 2026 жылдың басынан бергі ең ірі белсенді аймақ анықталды
Әзірге жаңа күн дақтары тобы тыныш күйде. Дегенмен ғалымдар оның белсенділігін жіті бақылап отыр.
-
Астанадағы ескі вокзал асханасының төбесі опырылып түсті: ҚТЖ мәлімдеме жасады
Екі келушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
-
Месси гол соғып, Аргентина әлем чемпионатындағы үшінші жеңісіне жетті
Аргентина топтық кезеңді үш жеңіспен аяқтады, ал Лионель Месси әлем чемпионатындағы жаңа тарихи рекордтың авторы атанды.
-
Вучич қызметінен кететінін мәлімдеп, мерзімінен бұрын сайлау өтетінін жариялады
Сербия президенті шешімін студенттердің жаппай наразылық акциялары күшейген тұста жариялады.
-
Ауғанстандағы су тасқыны мен көшкіннен бес адам қаза тапты
Табиғи апат салдарынан 30 тұрғын үй толық немесе жартылай қирады.
-
БҰҰ: Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті
24 маусым кешінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін елде ауқымды гуманитарлық дағдарыс қалыптасты.
-
28 маусымға арналған валюта бағамы жарияланды
Ұлттық банк жариялаған ресми бағамдар мен Астана және Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағалары белгілі болды.
-
Диктофоннан AI дәуіріне дейін: Қазақстан журналистикасы қалай өзгерді?
AI мен әлеуметтік желілер медианың жұмыс қарқынын жеделдетіп, журналистке жаңа талаптар қойды.
-
АҚШ Ирандағы әскери нысандарға қайтадан әуеден соққы жасады
Аймақтағы жағдай қайта шиеленісіп, тараптар арасындағы әскери текетірес күшейе түсті.
-
Маңғыстау тұрғындары шаңды құйынды видеоға түсіріп алды
Ерекше табиғи құбылыс Таушық ауылында байқалып, әлеуметтік желіде тараған бейне жұрттың назарын аударды.
-
Алакөлде туристер мінген катер істен шықты
Қозғалтқышы тоқтап қалған катердегі бес туристі ТЖМ құтқарушылары жағаға аман-есен жеткізді.
-
Журналист мәртебесі қалай өзгерді? Қазақстандағы БАҚ саласындағы басты өзгерістер
28 маусым – БАҚ қызметкерлері күні.
-
Алтын нарығы құбылмалы кезеңде: баға 4,5%-ға төмендеді
Споттық алтын бағасы кей сәтте соңғы жеті айдан астам уақыттағы ең төмен деңгейге түсіп, 24 маусымда 3990 доллар/унцияға дейін төмендеді, кейін де құлдырауын жалғастырып, шамамен 3973 доллар деңгейіне жетті. Бұл – 2025 жылдың қарашасынан бергі ең төмен баға.
-
Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Мамандар мұндай күндері қала тұрғындарына сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.
-
Қытайда әлемдегі алғашқы толық роботтандырылған қонақүй ашылады
Қонақүйде 44 жоғары санатты бөлме, мейрамхана, спорт залы және өзге де демалыс аймақтары болады. Барлық қызмет бірыңғай интеллектуалды жүйеге біріктіріліп, қонақтарға толық автоматтандырылған сервис ұсынылады.
-
Пәкістанның Карачи қаласында теракт: үш қауіпсіздік қызметкері қаза тапты
Қазір оқиға орнында аумақты толық тексеру және тергеу жұмыстары жүргізілуде. Әзірге шабуыл үшін ешбір террористік ұйым ресми түрде жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
-
Еуропа кубогы: Шерзод Давлатов – дзюдодан алтын медаль иегері
Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
-
Алматыда 14 гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Уәкілетті орган жүргізген тексеру барысында аталған жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды.
-
Қызылорда облысында екі теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін қайта ашылды
Нысандарды жаңғырту жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға және еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
-
Асу Алмабаев UFC турнирінде жарқын жеңіске жетті
Асу Алмабаев UFC турнирінде жарқын жеңіске жетті.
-
Алматы – Ташкент тас жолында мотор майын тиеген фура аударылып, өртеніп кетті
Жүк көлігі алдымен аударылып, тасымалдаған жүгі – мотор майы жолға төгілген. Осыдан кейін көлік пен төгілген жанар-жағармай материалдары отқа оранған.
-
Астанадағы маңызды жолайрықтардың бірі бір тәулікке жуық уақытқа жабылады
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіліп, жүргізушілерге бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.
-
Жетісу облысында велосипед ұрлығына қатысы бар ер адам ұсталды
Полиция азаматтарды өз мүлкінің сақталуына мұқият қарауға шақырады.
-
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны күрт өсті
Жер сілкіністері бір-бірінен он шақырым қашықтықта анықталды. Көптеген тұрғын үйлер мен үкіметтік ғимараттар қирап, елдің бас әуежайы жабылды.
Наверх