БҰҰ: Венесуладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті

24 маусым кешінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін елде ауқымды гуманитарлық дағдарыс қалыптасты.

 DW Бүгiн 2026, 11:19
Бүгiн 2026, 11:19
160
Фото: DW

БҰҰ жүйесіне кіретін Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) алдын ала бағалауынша, Венесулада болған жойқын жер сілкінісінің салдары 6,76 миллионнан астам адамға әсер етуі мүмкін.

Ұйымның мәліметінше, бұл көрсеткіш халықтың тығыздығы мен қирау ауқымына жүргізілген талдау негізінде есептелген және алдын ала бағалау болып саналады. ХКҰ дерегіне сәйкес, тек ел астанасы Каракастың өзінде табиғи апаттан шамамен 2 миллион тұрғын зардап шеккен болуы мүмкін.

Жойқын жер сілкінісі 24 маусым күні кешке болды. Шамамен 40 секунд ішінде магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жерасты дүмпуі тіркелді. Олардың эпицентрі Яракуй штатының аумағында бір-бірінен шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Негізгі жер сілкіністерінен кейін сейсмологтар тағы 214 афтершокты тіркеді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1,4 мыңнан асты. Тағы 3,2 мыңнан астам адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Зардап шеккен аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Наверх