Павлодар облысында дауыл кезінде басқарусыз қалған катамарандағы туристер құтқарылды

Қатты желдің салдарынан катамаранды басқара алмай қалған демалушыларға құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетті.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 20:19
Бүгiн 2026, 20:19
104
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Павлодар облысындағы Жасыбай көлінде дауыл кезінде басқарусыз қалған катамарандағы туристер құтқарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ауа райының күрт бұзылып, жаңбыр жауып, қатты жел тұрып, көлде биік толқын көтерілгендіктен катамаранды басқару мүмкін болмай, ол көл бетінде еркін қалқи бастаған.

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы демалыс аймағында су айдынын патрульдеу кезінде құтқарушылар демалушыларға көмек көрсетті, – деп мәлімдедіТөтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылар туристерді жедел эвакуациялап, жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Наверх