Венесуэладағы жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны Ұлттық Ассамблея спикері Хорхе Родригестің айтуынша, 1430-ға жетті. Ол 3200-ден астам зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін қосты.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 7,2 және 7,5 баллдық екі күшті жер сілкінісінен кейін елде шамамен 430 әлсіз және орташа афтершок тіркелді.
Мемлекеттік теледидарда сөйлеген сөзінде Родригес Венесуэла үкіметі атынан қаза тапқандардың отбасыларына және табиғи апат салдарынан зардап шеккендердің барлығына терең көңіл айтты.
Ол сондай-ақ іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүріп жатқанын хабарлады. Ол жер сілкіністерінің салдарын жоюға және қирандылардың астында қалып қойған адамдарды іздеуге ондаған мың адам қатысып жатқанын қосты.
2026 жылдың 24 маусымы кешке Венесуэланың солтүстік-батысында 7,2 және 7,5 баллдық екі күшті жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкіністері бір-бірінен он шақырым қашықтықта анықталды. Көптеген тұрғын үйлер мен үкіметтік ғимараттар қирап, елдің бас әуежайы жабылды.
Бұл жер сілкінісі Венесуэлада соңғы 100 жылдағы ең қуатты жер сілкінісі деп аталды.