Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында орналасқан «Рейнджерс» арнайы күштерінің нысанына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан кемінде үш қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.
Алдын ала мәліметке сәйкес, шабуыл жергілікті уақытпен сағат 20:10 шамасында болған. Лаңкестер жарылғыш зат тиелген автокөлікпен нысанның негізгі қақпасын соғып, кейін қарулы шабуыл жасаған.
Синд провинциясы полициясының бас инспекторы Джавед Алам Одхоның айтуынша, қауіпсіздік күштері дереу қарсылық көрсетіп, атыс барысында төрт лаңкес жойылған. Олардың жедел әрекетінің арқасында шабуылдаушылар нысан аумағына толықтай ене алмаған.
Қазір оқиға орнында аумақты толық тексеру және тергеу жұмыстары жүргізілуде. Әзірге шабуыл үшін ешбір террористік ұйым ресми түрде жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.