Все новости за 28 ақпан 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жағдай өте ауыр – Украинадан келген қазақстандық
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Польша рақылы елге жеткен жерлесіміз Еркебұлан Мәмбетов Украинадан бері қалай жеткендерін айтып берді.
-
Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі Алматыға жетті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Польшадан отандастарымыз мінген ұшақ Алматыға келіп қонды.
-
ЕО Ресейдің ақпарат саласына да тыйым салуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы жексенбі күні журналистерге еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррел министрлердің виртуалды кездесуінен кейін мәлімдеді.
-
Путин Украинамен арадағы жағдайды реттеудің шартын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ президентінің басты шарты – Қырымды Ресей Федерациясының құрамында екенін мойындау және Украинаның денацификациясы, деп жазады sputnik.kz.
-
«Өңір» депутаттық тобы түйткілді мәселелерді талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатта «Өңір» депутаттық тобының отырысы болды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
-
Елордада «Аға буын IT Университеті» ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ақпараттық технологиялар факультетінің «Аға буын IT Университетінің» ашылу салтанаты өтті.
-
Елордадағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Алғыс айту күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді.
-
Украина мен Ресей келіссөздерінің үшінші раунды өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер жалғасуда, таяу уақытта үшінші раунд басталады.
-
Маңғыстауда теңізге тартылған құбыр алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ақтау қаласына жақын орналасқан демалыс аймағы, атап айтқанда «Сая» демалыс үйі мен «Стигл» демалыс орны ортасында жеке меншік терииториядан Каспий теңізіне бағытталған құбырдың суреті қызу талқыға түсті.
-
Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді
Алматы, BAQ.KZ. 2022 жылғы 26 ақпандағы ШОБ субъектілеріне мүліктік залалды анықтау жөніндегі Аймақтық комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 827,8 млн теңгеге 135 өтінімі мақұлданды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыдағы эпидахуал
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда кеше 95 адамнан коронавирус ПТР сынамасы арқылы расталды, оның 92 симптомдық белгілері бар және 3 симптомсыз.
-
Қазақстандық дипломаттар Украинадан келе жатқан көлік жүргізушілеріне көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина аумағында басталған әскери шиеленіске байланысты қазақстандық алысқа қатынайтын көлік жүргізушілері қиын жағдайға тап болды.
-
ҮЕҰ әлеуметтік жобаларды мониторингілеу мен бағалауды жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚДМ ҮЕҰ-мен кездесу барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру аясындағы әлеуметтік жобаларды мониторингілеу мен бағалауды жетілдіру мәселелерін қарастырды.
-
Елшілік тағы 34 азаматты Киевтен Польшаға алып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Украина астанасындағы Елшілігі 34 азаматты Польша шекарасына алып шықты.
-
Холестерин мен салмақты төмендететін жарма түрі аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары холестерин - бұл қандағы май молекулаларының айналымымен сипатталатын жағдай, олар бірте-бірте артериялардың қабырғаларына орналасады. Ол емделмесе, артериялардың тарылу қаупі жоғарылайды, бұл инфаркт немесе инсульт қаупін арттырады деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға қандай қолдау көрсетіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған түрлі шаралар бар.
-
Елімізде 594 бірлік бордақылау алаңдары жұмыс істейді – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бордақылау алаңдары ет өндірісінің технологиялық тізбегінің негізгі қатысушыларының бірі болып табылады және елдің ет индустриясын дамытуда маңызды рөл атқарады.
-
TikTok-та Қорғаныс министрлігінің фейк аккаунты ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. TikTok әлеуметтік желісінде Қорғаныс министрлігіне тиесілі аккаунт пайда болды. Ол фейк.
-
Қарағандыда қоғамдық көлікте оқушымен жанжалдасқан кондукторға хаттама толтырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қоғамдық көлікте оқушымен жанжалдасқан кондукторға хаттама толтырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
«Алмату» деген жазуы бар теңгелер табылды - археолог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Орта ғасырдағы Алатау баурайындағы Алматы қаласы мәдениеті дамыған, гүлденген шаһар болғаны анық.
-
Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, төрт адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жедел жәрдем көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады. Апат салдарынан төрт адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
-
Розa Бaғлaнoвaның 100 жылдығы Қызылордада қалай aтaлып өтeдi?
Қызылорда облысы, BAQ.KZ. Биыл әнші Роза Бaғланованың 100 жылдығына орай туған жері Сыр елінде әншiнiң ескерткіші ашылып, шығaрмашылығы мен өміріне aрнaлғaн іс-шaралaр кең көлемде aтaлып өтпeк.
-
Бүгінде ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс? сарапшы пікірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Доллар бағамы көтеріліп жатқан кезде қомақты ақшаны қайда сақтаған жөн?
-
«Елім-Ай» тұтынушылар кооперативі басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша «Елімай – 2019» тұтынушылар кооперативінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
-
Бала жүрегіне жол табу – міндетіміз
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Щучинск бөбектер үйіндегі әр сәби өмірінің өз тарихы бар. Балалар бөбектер үйіне әр түрлі жағдаймен түседі.
-
Ертең дыбыстық сигнал не үшін қосылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 2022 жылдың 1 наурыз күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін Қазақстан Республикасы бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру шарасы жоспарланған.
-
Қазіргі саяси үдерістерден демократияға бет бұрғанымызды аңғарамыз – саясаттанушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғали Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық, саяси үрдістерді мейлінше демократиялық жолға бағыттап жатқанын айтады.
-
Медицинадағы жемқорлық қай өңірлерде өршіп тұр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады. Оның айтуынша, медициналық жабдықтарды сатып алу – бюджет қаражатын жымқырудың көзіне айналған.
-
Ұлттық банк 98 миллион долларға валюталық интервенция жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 28 ақпанда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы нысанында өтті.
-
Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары 30 пайызға жуық өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары 30 пайызға жуық өсті.
-
Қанат Шөкенов лауазымынан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қанат Шөкенов Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
-
Былтыр елімізде 200-ге жуық ағза ауыстыру отасы жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.
-
Түркістан: «Туған жер» жобасы аясында облыста 139 нысан пайдалануға берілген
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел руханиятын көтеруде әр аймақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шараны жүзеге асырды. Биыл Түркістанның өз алдына бөлек облыс болып шыққанына төрт жыл толғалы отыр.
-
Қазақстан Ресей мен Украина келіссөз өткізу үшін орын ұсынуға дайын – СІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тілеуберді Қазақстанға Батыстың Ресейге қарсы енгізген санкциялары қауіп төндіретінін тілге тиек етті. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресей мен Украина келіссөздері үшін алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Тіл үйренуді әркім өзінен бастауы тиіс – Досжан Әмір
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Заң-құқық саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы қандай деген сауал баршаны толғандырады.
-
Орфандық сырқатқа шалдыққан балаларға берілетін дәрілердің тізбесі кеңейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады. Оның айтуынша, биыл орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттардың тізбесі кеңейтіледі.
-
«Желіге шолу». БҒМ жаңа жобаны іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Желіге шолу» атты жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Ресей-Украина: келіссөз басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қос делегацияның кездесуі украиналық шекараға жақын маңдағы Припять өзенінің жағалауында өтіп жатыр.
-
«Қазақстан халқына». Болат Жәмішев қорға қандай өтініштер түсіп жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев қайырымдылық туралы түсіп жатқан өтініштер туралы айтып берді.
-
Қашықтан медициналық қызмет көрсетуді дамытамыз – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады. Оның айтуынша, амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық қызметтер көлемі 1,5 есе ұлғайту жоспарланған.
-
Қаңғыбас жануарларды жою, аулау жұмыстары қалай жүргізіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 2 наурыздан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енеді.
-
Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасы бойынша 3502 қылмыстық іс тергелуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қасіретті қаңтар» оқиғасына байланысты қылмыстық сот ісін жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша Бас прокуратура кеңейтілген отырыс өткізді.
-
Саяси кеңестің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді.
-
Сарапшы теңгенің неге түсіп жатқанын түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы саласының сарапшысы Андрей Чеботарев рубль соңынан теңгенің неліктен түсіп жатқанын және ұлттық валютаның алдағы тағдыры жайлы айтып берді.
-
Бағланованың ұлы анасы туралы естеліктерімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.
-
Республикадағы фармацевтика нарығының жалпы көлемі 765,3 млрд теңгеге тең
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.
-
Көктемгі аңшылыққа салынған тыйым қанаттылардың санын көбейтті
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көктемгі аңшылыққа салынған тыйым аңшылық шаруашылықтарын шығынға батырмай, жыл құстарының санын арттыруға септігін тигізді.
-
Елімізде «құрсақтағы нәрестені қорғау» бөлімшелері құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады. Оның айтуынша, еліміздегі облыстық перинаталдық орталықтарында «құрсақтағы нәрестені қорғау» бөлімшелері құрылады.
-
Роза Бағланованың 100 жылдығына орай көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Роза Бағланова атындағы қазақ концерті» мемлекеттік концерттік бірлестігінің директоры Жеңіс Сейдоллаұлы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.
-
Билік пен қоғамның диалогы арқылы ғана үйлесімді мемлекет құруға болады – Шаукенова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан» жобасының барлық мақсатрын жүзеге асыру үшін саяси реформалар пакетін әзірлеп жатқаны белгілі. Оларды қоғам күтіп отыр. Ол реформалардың жүзеге асырылуы бойынша ҚР ҰҒА академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Зарема Шаукеновамен әңгімелескен едік.
-
Қазақстанның әуе кеңістігімен өтетін транзиттік ұшақтар саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің аэронавигациялық жүйесі ешқандай шектеулерсіз әуе қозғалысын қабылдай алады.
-
Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отыр.
-
Балалар арасындағы аурулардың алдын алуға күш саламыз – Ажар Ғиният
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.
-
Бағланованың 100 жылдық мерейтойы. Қазақстанда 400-ге жуық шара өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов ҚР Президенті жанындпғы ОКҚ-ның көшпелі брифингінде айтты.
-
Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша 2022 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы тағайындалды.
-
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 113,2 млрд теңге төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына 97 млрд теңге бөлінді.
-
Австралия Путин мен Ресейдің бірқатар шендісіне қарсы санкция салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралия үкіметі Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің бірнеше мүшесіне қарсы санкция салды.
-
Коронавирус. Жарты миллионға жуық елордалық толық вакцинация алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, індет әлі басылмай тұр.
-
Сенаторлар әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру туралы заң жобасын қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2022 жылғы 3 наурызда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп жазды Сенаттың баспасөз қызметі.
-
Репатриациялық ұшақ Катовице қаласының әуежайына қонды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana әуе компаниясының репатриациялық ұшағы Катовице қаласының әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:33-те қонды.
-
Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 80 пайыздан астамы өз мәртебесін біледі
Алматы, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар ұйымының бастамасымен 1 наурызда Нөлдік кемсітушілік күні атап өтіледі. БҰҰ- ның биылғы ұраны – «Зиян келтіретін заңдарды жою. Мүмкіндіктерді кеңейтетін заңдар қабылдау». Бұл туралы Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы хабарлады.
-
ШҚО-да Ресей азаматы 17 жыл заңсыз зейнетақы алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон қызметінің қызметкерлері заң бұзушыны Семей қаласында ұшақ билетін сатып алған кезде анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті.
-
Таразда Ұлттық ұлан қызметінің тарихынан сыр шертетін музей ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күштік құрылымдардың міндеті – мемлекеттің тұтастығын сақтау десек, қоғам тыныштығы жолында еңбек етіп жүрген барлық салалық мекемелердің берік байланыста жұмыс жүргізуі аса маңызды.
-
Су тапшылығын азайту үшін қандай істер атқарылуда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады.
-
«Ұмай» табысы жоғары қыз-келіншектерге де қолжетімді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдерге арналған бағдарламаның талаптары өзгерді. Енді «Ұмай» табысы жоғары қыз-келіншектерге де қолжетімді.
-
Суармалы судың тапшылығы фермерлерге қиындық тудыруы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады. Оның айтуынша, 12,1 текше шақырым жер тұрақты суару аймағына жатады.
-
Алматыда валюта саудасы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату және сатып алу тоқтатылды.
-
«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан Халқына» қоры қаза тапқан және жараланған балалардың отбасыларына берілетін материалдық көмек көрсетеді.
-
Алматы автоХҚО-сында жаңа GPS жүйесі бар автодром іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Саялы шағын ауданында орналасқан мамандандырылған ХҚО өз жұмысын қайта бастады.
-
Былтыр үш қалада сумен жабдықтау жақсартылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады. Оның айтуынша, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ведомствоның басым міндеттерінің бірі болып табылады.
-
Түркістаннан Ташкентке бару 25 мың теңге, ал қайту не себепті 250 мың теңге? – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өтіп жатқан ішкі туризмнің проблемалары мен даму перспективаларына арналған «Үкімет сағатында» депутат не себепті әуе билеті құнының бағасы қымбат екенін айтты.
-
Мәдениет саласындағы объектілер турист баратын орынға айналуы керек – Дәурен Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өтіп жатқан ішкі туризмнің проблемалары мен даму перспективаларына арналған «Үкімет сағатында» Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев депутаттың сауалына жауап берді.
-
«102» қосымшасына 128 мыңға жуық хабарлама келіп түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Солтүстікте қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, ауа райы болжамын жариялады.
-
Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға қашан келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін A321 ұшағы Катовицеден жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30-да ұшады.
-
Елімізде 7 мыңнан астам мектеп бейнебақылаумен жабдықталған – Сәрсенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
2025 жылға қарай туризм саласында қанша жұмыс орны ашылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өтіп жатқан ішкі туризмнің проблемалары мен даму перспективаларына арналған «Үкімет сағатында» Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев 2025 жылға қарай туризм саласында қанша жұмыс орны ашылатынын айтты.
-
Полицияны цифрландыру қалай жүріп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Қазақстан дәріханаларынан 830 тоннадан астам прекурсор табылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы модератор Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Мектептердің маңайында 6 мың жаяу жүргінші қоршаулары орнатылған - ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы модератор Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
-
Қостанайда тағы да заңсыз майнинг анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті цифрлық майнингпен айналысатын тұлғаларға тиісті лицензиясыз электр энергиясын сату фактісі бойынша «EG» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
-
Странджа кубогі: Қазақстан құрамасы бокстан жаңа маусымды сәтті бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық «Странджа кубогін» 17 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Туроператорларды субсидиялау, Kids Go Free. Абаев туризм саласындағы шаралар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өтіп жатқан ішкі туризмнің проблемалары мен даму перспективаларына арналған «Үкімет сағатында» Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туризм саласын ынталандыруға шаралар туралы айтып берді.
-
Туризм саласы. Елде қандай ірі жобалар жүзеге асырылды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өтіп жатқан ішкі туризмнің проблемалары мен даму перспективаларына арналған «Үкімет сағатында» Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туризм саласында іске қосылған жобалар туралы айтты.
-
Дәурен Абаев былтыр ішкі туристер саны қаншаға жеткенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өтіп жатқан ішкі туризмнің проблемалары мен даму перспективаларына арналған «Үкімет сағатында» Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев былтыр ішкі туристер саны 5,2 млн-ға жеткенін айтты.
-
Сенаторлар ЕҚЫҰ отырыстарына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламенті Сенатының делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Венада өткен қысқы сессиясына қатысты.
-
Токио мен 9 префектурада COVID-19-ға байланысты төтенше жағдай мерзімі ұзартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония Токио мен тоғыз префектура үшін COVID-19-ға байланысты төтенше жағдайды 6 наурызда жоспарланған аяқталу күнінен кейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Украинадағы қазақстандықтарды әкелу үшін ұшақ Польшаға аттанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелуге 179 орындық ұшақ Польшаға аттанып кетті.
-
Белгілі публицист, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі саясаттанушы, публицист Кенжеболат Жолдыбай қайтыс болды.
-
Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» бірлескен мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.
-
ШҚО-да құтқарушылар 380 мыңға жуық үйді тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы жер үйлерден өрт қауіпсіздігін бұзудың 103 мыңнан астам фактісі тіркелді, деп жазды altaynews.kz.
-
Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскерилерді Украинаға жіберу туралы ақпаратты жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери қызметшілер Украинаға жіберілетіні туралы ақпарат тарады. Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
-
Президенттің батыл шешімдері еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтады – Қошанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына барып, өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанның жағдайымен танысты. Сайлаушылармен кездесуге облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты.
-
Коронавирус матрицасы: «Сары» аймақта тек Алматы мен СҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Елде өткен тәулікте пневмониядан 4 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәуліктің ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 5 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді.
-
Өткен тәулікте 833 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 833 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 263 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 263 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Наверх