Токио мен 9 префектурада COVID-19-ға байланысты төтенше жағдай мерзімі ұзартылады

28 Ақпан 2022, 10:32
1243
Бөлісу:
Токио мен 9 префектурада COVID-19-ға байланысты төтенше жағдай мерзімі ұзартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония Токио мен тоғыз префектура үшін COVID-19-ға байланысты төтенше жағдайды 6 наурызда жоспарланған аяқталу күнінен кейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта Жапонияның 47 префектурасының 31-інде мейрамханалар мен барлардың жұмыс уақытына шектеу қоюды және префектуралар арасында маңызды емес сапарлардан бас тартуды талап ететін төтенше жағдай 6 наурызға дейін жалғасатын болады.

Ал төтенше жағдай шараларын ел үкіметі Токиодан басқа Сайтама, Чиба, Канагава, Гифу, Айчи, Мие, Киото, Осака және Хиого префектураларына енгізуді қарастыруда.

Жапонияда жексенбіде 63 000-нан астам жаңа коронавирус жағдайы тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы