ҮЕҰ әлеуметтік жобаларды мониторингілеу мен бағалауды жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты

28 Ақпан 2022, 20:30
1665
Бөлісу:
ҮЕҰ әлеуметтік жобаларды мониторингілеу мен бағалауды жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚДМ ҮЕҰ-мен кездесу барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру аясындағы әлеуметтік жобаларды мониторингілеу мен бағалауды жетілдіру мәселелерін қарастырды.

Бұл туралы АҚДМ бамспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге қатысушы қоғамдық сарапшылар – Наталья Терехова, Сұлтан Шаймағанбет, Марғұлан Ермағанбетұлы, Лариса Котельникова, Александр Братенков, Шыңғыс Лепсібаев, Татьяна Зуева, Гүлбаршын Мұштанова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының тиімділігіне ерекше назар аударды.

Соның ішінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мониторингілеу мен бағалаудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу, аталған мониторингке сертфикатталған сарапшыларды ақылы негізде тарту бойынша ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ қатысушылар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жоспарлау барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалаудың нәтижелерін ескеру ұсынылды.

Айтылған ұсыныстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру қағидаларына өзгерістер еңгізу барысында ескерілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы