Солтүстікте қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр жауады

Солтүстікте қар жауып, боран соғады, оңтүстікте  жаңбыр жауады
1051

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, ауа райы болжамын жариялады.  

Көктемнің алғашқы күндерінде, Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы болады.

Фронтальдық бөліктердің өтуімен, солтүстікте қар жауады, жаяу боран шығып, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 2...10 аязға дейін, күндіз 2...15-ке дейін жылу; республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде термометр бағаны 15...20 градусқа дейін төмендейді, күндіз негізгі фон 0...10 аяз; елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 0...8 аяз, күндіз 5...15 жылу болады.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы