«Қазақстан халқына». Болат Жәмішев қорға қандай өтініштер түсіп жатқанын айтты

28 Ақпан 2022, 17:08
1157
Бөлісу:
«Қазақстан халқына».  Болат Жәмішев қорға қандай өтініштер түсіп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев қайырымдылық туралы түсіп жатқан өтініштер туралы айтып берді.

Бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын құрумен тікелей айналыспаймыз. Сондай-ақ тұрғын үй сатып алмаймыз және азаматтардың несиелерін өтемейміз. Біз ауыр жағдайға ұшыраған барша азаматқа көмектесеміз. Фондқа қайырылымдылық туралы барлық өтініш электронды портал арқылы түседі, - деді қордың басшысы.

Оның сөзінше, бүгінгі күні 30 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Оның 70 пайызы фондтың жарғылық ережелеріне сәйкес келмейді.

Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй алуға, несиелерді өтеуге байланысты түсті. Ал қалған өтініштер фонд белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Бірақ барлық өтініш бойынша жұмыс жүргізу керек. Сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарымен де жұмысты үйлестіру қажет. Бүгінгі күні жобаларды жүзеге асыруды бастап кеттік, - деп толықтырды Болат Жәмішев ОКҚ-да.

Жәмішев церебральды сал ауруы бар балаларды емдеуге, омыртқаның бұлшықет атрофиясымен ауыратындарға қымбат дәрі-дәрмек сатып алу бойынша жобалар іске асырылып жатқанын айтты.

Қамқоршылық кеңес халыққа әлеуметтік салада көмек көрсету туралы шешім қабылдаған болатын. Қор денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және әлеуметтік көмек салаларында жүйелі бағдарламалармен айналысады. 

Өзгелердің жаңалығы