Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті

28 Ақпан 2022, 13:40
1182
Бөлісу:
Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. 

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шекарада тағы 99 отандасымыз өз кезегін күтуде, олармен бірге Киевтегі Қазақстан елшілігінің дипломаттары бар. Польшадағы Қазақстан елшілігі азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етуде. 

«Эйр Астана» эвакуациялық борты (174 орын) 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.50-де Атырау қаласынан ұшып шықты. Катовицы қаласына келудің есептік уақыты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00. Катовице-Атырау бағыты бойынша кері ұшу 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.30-да жоспарланған. 

Отандастарымыз Польшаның Катовице қаласының әуежайына қарай жолға шықты.

Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті

Бұдан бұрын хабарланғандай, Катовицы қаласына ҚР азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы