Су тапшылығын азайту үшін қандай істер атқарылуда?

28 Ақпан 2022, 13:15
1369
Бөлісу:
Су тапшылығын азайту үшін қандай істер атқарылуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады.  

Алматы облысында суару алаңы 472 мың га құрайды. Су ресурстарының тапшылығын азайту мақсатында облыс әкімдігі ылғал сыйымды дақылдардың, оның ішінде Балқаш ауданында күріштің 1 мың га егістігін төмендетуді жоспарлап отыр. Облыстың барлық су қоймалары жинақтау режимінде, - деп атап өтті вице-министр. 

Сонымен қатар ол қандай тәуекелдер орын алуы мүмкіндігіне тоқталды. 

Жамбыл облысы бойынша суару алаңы 182 мың га құрайды. Қырғыз тарапымен уағдаластыққа қарамастан, мемлекетаралық су объектілері бойынша келісілген көлемдерді толық алмау тәуекелі бар. Бұдан басқа, облыс бойынша суару желілерін қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, суармалы суды беру айналма каналдар арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл тиісінше судың жоғалуына әкеледі, - деді ведомство басшысы.

Осыған байланысты Серік Қожаниязов облыс әкімдігінен су үнемдеу технологияларын барынша қолданып, суару технологияларын сақтау бойынша фермерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. 

Өзгелердің жаңалығы