Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы жексенбі күні журналистерге еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррел министрлердің виртуалды кездесуінен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Біз жалған ақпаратпен күресуіміз керек... Осыған байланысты біз Russia Today пен Sputnik-ке одақ аумағында хабар таратуға тыйым саламыз, – деді ол.
Бұған дейін Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен билік мұндай қадамға БАҚ-тың жалған ақпарат таратпауы үшін барғанын айтқан.
Енді шешім ЕО-ның ресми журналында жариялануы керек.