Қарағандыда қоғамдық көлікте оқушымен жанжалдасқан кондукторға хаттама толтырылды

28 Ақпан 2022, 19:46
1142
Бөлісу:
Қарағандыда қоғамдық көлікте оқушымен жанжалдасқан кондукторға хаттама толтырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қоғамдық көлікте оқушымен жанжалдасқан кондукторға хаттама толтырылды,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

24 ақпан күні полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында қоғамдық көлік ішінде жасөспірім баланы көліктен шығарып жібермек болған кондуктордың бейнежазбасы анықталды. 

Көлікте отырған жолаушылар балаға араша түсіп, кондукторды ажыратқан. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында автобус пен оның 21 жастағы кондукторы және оқиғаға қатысқан 15 жастағы жасөспірім анықталды. Анықтау жұмыстарын жүргізу барысында мектеп оқушысы автобусқа кірген бетте кондукторға оқушы билетімен 40 теңге берген. Алайда кондуктор оқушыдан толық ақша беруін талап еткен. Осы сәт екеу ара даудамайға себеп болғаны белгілі болды. 

Ақпаратты тексеру кезінде полиция қызмектерлерімен кондукторға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес хаттама толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Айта кету керек, жоғарыда аталған қоғамдық көлікті анықтау жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен 25 жастағы азаматтың басқаруындағы басқа қоғамдық көлік тоқтатылды. Оның құжаттарын тексеру жұмыстары барысында жүргізушінің жалған жүргізуші куәлігімен жүргені анықталды.
 

Өзгелердің жаңалығы