Республикадағы фармацевтика нарығының жалпы көлемі 765,3 млрд теңгеге тең

28 Ақпан 2022, 16:40
1653
Бөлісу:
Республикадағы фармацевтика нарығының жалпы көлемі 765,3 млрд теңгеге тең

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады. 

Оның айтуынша, республикада фармацевтикалық өнімді таңбалау және қадағалау жүйесі енгізіледі.  

Биыл импортты алмастыруды арттыру шеңберінде мынадай шаралар көзделген. Олар: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша кемінде 5 жаңа өндірісті іске қосу, оның ішінде Big Pharma-ны тарта отырып, отандық фармацевтикалық өнімді халықаралық тану үшін Ұлттық реттеушіні дамыту, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар айналысының барлық процестерін цифрландыру, Дәрілік заттарды таңбалау мен олардың бақылануын енгізу, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың жалпы көлеміндегі отандық өндіріс үлесінің 37%-ға дейін өсуі күтіліп отырғанын алға тартты. 

Қазіргі уақытта елдегі фармацевтика нарығының жалпы көлемі 765,3 млрд теңгені, оның ішінде отандық тауар өндірушілер 121,1 млрд теңгені құрайды.

Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу көлемі 244,9 млрд теңгені, отандық тауар өндірушілерден 90,6 млрд теңгені құрады.

Отандық тауар өндірушілердің саны 88 кәсіпорынды құрайды, оның ішінде: дәрілік заттарды өндірушілер – 32, медициналық бұйымдар мен техниканы өндірушілер – 56.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес Бірыңғай дистрибьютор дәрілердің 91%-ын сатып алды. Бұл дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1 496 позициясына тең. 

Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына 1 346 позиция немесе 90% түсті. Сондай-ақ былтыр Бірыңғай дистрибьютор жалпы сомасы 33 млрд теңгеге 459 атау бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың азайтылмайтын қорын сатып алды, - деді еліміздің бас дәрігері. 

Өзгелердің жаңалығы