Маңғыстауда теңізге тартылған құбыр алынып тасталды

28 Ақпан 2022, 21:10
1369
Бөлісу:
Маңғыстауда теңізге тартылған құбыр алынып тасталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ақтау қаласына жақын орналасқан демалыс аймағы, атап айтқанда «Сая» демалыс үйі мен «Стигл» демалыс орны ортасында жеке меншік терииториядан Каспий теңізіне бағытталған құбырдың суреті қызу талқыға түсті.

 Біреулер теңізге тағы да кәріз суы төгіліп жатыр деген күдікденіп, дереу экологтардың араласуын сұраған болатын. Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған дерек бойынша Маңғыстау облысы экология департаментінің экологиялық бақылау және зертханалық-талдамалы бөлімінің мамандарымен шығу ұйымдастырылып, құбыр жеке тұлғаға тиесілі екендігін анықтады. Учаскенің иесі жер телімінде бассейн құрылысын бастап, қажет суды теңізден тарту мақсатында жүргізілгендігін айтып берген. 

Тексеру барысында құрылыстың толық бітпегендігі және теңізден су тартылмағаны белгілі болды. Нәтижесінде экологтардың араласуымен тартылған құбыр толығымен алынып тасталынды. Қоршаған ортаға келтірілген зиян жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы