Саяси кеңестің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді

28 Ақпан 2022, 16:55
1417
Бөлісу:
Саяси кеңестің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді.

Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Құрметті достар! Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді, - деп жазды ол.

Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.

Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:

1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

2. Nur Otan партиясының модернизациясы.

Өзгелердің жаңалығы