Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді

28 Ақпан 2022, 20:50
1261
Бөлісу:
Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді

Алматы, BAQ.KZ. 2022 жылғы 26 ақпандағы ШОБ субъектілеріне мүліктік залалды анықтау жөніндегі Аймақтық комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 827,8 млн теңгеге 135 өтінімі мақұлданды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, 718,1 млн теңге сомаға 80 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 109,7 млн теңгеге 55 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаржысынан төленген.

Алматы қаласы бойынша (комиссия жұмысы басталғаннан бері) барлық кезеңде 3 140,4 млн теңге сомаға 890 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 2 275,8 млн теңге сомаға 459 өтінім, «Жаңа Алатау» қорының қаражысынан 864,6 млн теңге сомаға 431 өтінім, – делінген хабарламада.

Алматыда тәртіпсіздік барысында жалпы сомасы 34,3 млрд теңгеге 1 413 ШОБ субъектісі зардап шекті. «ИнфоКазахстан» электронды платформасына кәсіпкерлерден 2 700-ден астам өтінім келіп түсті.
 

Өзгелердің жаңалығы