Елімізде 7 мыңнан астам мектеп бейнебақылаумен жабдықталған – Сәрсенов

28 Ақпан 2022, 11:36
1323
Бөлісу:
Елімізде 7 мыңнан астам мектеп бейнебақылаумен жабдықталған – Сәрсенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Бізде «102» мобильді қосымшасы бар азаматтардың өтініштерін қабылдау процесінің бірізділігі» жүйесі енгізілді. Осы жоба бойынша кейінірек толығырақ тоқталайын. Жалпы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатаң бақылауында. Осы тұрғыда Үкіметтің бірқатар отырыстарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Осы кеңестердің қорытындысы бойынша ірі қалаларда орналасқан білім беру ұйымдарының Бейнебақылау жүйелерін жарақтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, - деді ол. 

Әділ Сәрсенов атағандай, бүгінгі таңда барлық 7 370 білім беру ұйымы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, олардың 40 пайызы ірі қалаларда орналасқан.

Олардан келіп түскен бейне деректерді жедел басқару орталықтары мен ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерінен көруге болады. Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымдарының аумағындағы объектілердің сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларын аумақтық полиция бөлімдерінің жедел басқару орталығына қосу бойынша жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар облыс орталықтары мен ірі қалалардың мектептері «SOS» батырмасымен жабдықталған. Оларды мамандандырылған күзет қызметіне және ішкі істер органдарына қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді ол. 

Сәрсенов атағандай, мамандандырылған күзет қызметіне мектеп ғимаратының 4 418 және полицияға – 3 679 дабыл қондырғысы қосылған.

Жүйенің басты мақсаты-азаматтарға полицияға жүгіну үшін түрлі арналар ұсыну. Жүйе арқылы азаматтар Android және ІОЅ операциялық жүйелері үшін қолжетімді 102 мобильді қосымшасымен шұғыл қоңырауға жүгіне алады, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы