Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға қашан келеді

28 Ақпан 2022, 11:40
1001
Бөлісу:
Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға қашан келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін A321 ұшағы Катовицеден жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30-да ұшады. 

Бұл туралы Air Astana баспасөз қызметі хабарлады.

Катовицеден (Польша) қазақстандықтармен ұшатын алғашқы репатриация рейсі Украина жолдарындағы көлік кептелісіне байланысты 28 ақпанға шегерілді. Бүгін A321 ұшағы Катовицеден жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30-да ұшады. Атырауда тоқтап керосин құйып алған ұшақ Алматыға 00:30-да жетеді, - делінген хабарламада.

 Қазақстан Үкіметімен келісім бойынша барлық қазақстандық үйіне тегін жеткізіледі. 

Келесі репатриациялық рейстер туралы ақпарат жолдар мен шекарадағы жағдайға байланысты жаңартылатын болады, - деді Air Astana баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы