Алматыдағы эпидахуал

28 Ақпан 2022, 20:47
1368
Бөлісу:
Алматыдағы эпидахуал

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда кеше 95 адамнан коронавирус ПТР сынамасы арқылы расталды, оның 92 симптомдық белгілері бар және 3 симптомсыз.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 12 науқас ауруханадан жазылып шыққан, ал келіп түскендер саны – 26.

Инфекциялық стационарларда 422 адам ем алып жатыр, оның 23-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  43 науқас бар. ӨЖЖ – 15, инвазивті емес ӨЖЖ – 7, High flow-да 12 аппарат жұмыс істейді, – делінген хабарламада.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 969 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 914, симптомсыз 55 науқас бар. 

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның  1-компонентін   374 адам, 2-компонетін 493 адам салдырған.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 124 974 адамды құрайды. Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 55 103 адам, оның ішінде 3 063 жүкті әйелдер, 12 124 емізулі аналар және 39 884 балалар мен жасөспірімдер егілді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 248 177 қала тұрғыны ревакцинациядан өткен.
 

Өзгелердің жаңалығы